Мешіттер неге сарғая бастады?

Мешіттер неге сарғая бастады?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Африкадағы мешіттер мен шіркеулер соңғы уақытта бірінен соң бірі сары түске ене бастады. Бұл жайында CNN хабарлады.

Мәселен, Кениядағы мұсылман ғибадатханасы дәстүрлі жасыл түстен ашық сары түске көшті; осы елдегі шіркеу де сарғыш тартты.

Бұл – «Сенім түсі» деп аталатын жоба. Жоба Кениядағы діни қауымдастықтардың ортақ үйлесім табуына бағытталған.

Язмани Арболеда мен Набила Алибхай есімді суретшілер мешіттер мен шіркеулердің жаңа түске боялуына көмектесіп келеді. Ал дін өкілдері бірыңғай түстің мағынасын – ел үшін маңызды болып табылатын дінаралық достықтың символы деп түсіндірді. «Мен үшін сары түс – Күннің белгісі. Ал күн барша халыққа бірдей нұрын шашады» дейді шіркеу қызметкері Роуз Мунгафу.

Кенияда барлығы 9 мешіт пен шіркеу сары түске боялды. Енді 40 ғибадатхана кезекте тұр.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: