450 шөбере сүйген әже

450 шөбере сүйген әже

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Түркияның Диярбакыр қаласында Шахи Тайюрак есімді қария 450 шөбере сүйіп отыр.

Үш рет тұрмыс құрған Шахи Тайюрактың қазіргі уақытта жеті баласының көзі тірі. Бір ұлының жасы 96-ға келген.

Ұзақ ғұмыр кешкен әжейдің нақты қанша жаста екені белгісіз екен. Үлкен ұлы Джемаль Тюйрак анасының шамамен 130 жаста екенін айтады.

Құжатқа қатысты қателік хижри жыл санағынан григориан күнтізбесіне көшу кезінде орын алған. Қария жеке куәлікті 1919 жылы 1 шілде күні алған. Осы уақытта ол бес анасы болған. Келесі қызының туу датасы құжатта 06.01.1926 ж. деп көрсетілген.

Шахи әжей өзін өте жақсы сезінеді, ақыл-санасы да сергек.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: