Құран мен інжілден 50 жыл сабақ берген

Құран мен інжілден 50 жыл сабақ берген

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Египет республикасы Минья елдімекенінде Аяд есімді мұғалім бірнеше буын шәкірттеріне қасиетті қос кітап – Құран мен Інжіл бойынша тағаттылық пен төзімділік сабақтарынан білім беріп келген.

Оның сыныбында шамамен 120 оқушы тәлім алады, оның 70-80-і мұсылман отбасынан, 30-40-ы – христиан отбасынан. «Біз мектепте бір-бірлерімізбен үлкен сыйластық байланыс құрамыз. Алайда, маған өшпенділікке тәрбиелейтін сабақ беріп 100 доллар алғаннан, мейірімділікке шақыратын дәріс үйретіп бір доллар алғаным артығырақ. Мені мектеп оқушыларының, ата-аналар мен педагогтертердің қолдау білдіргені қатты қуантады. Оның үстінде бұл ата-аналар да бір кездері менің оқушыларым болған еді. Олар өте саналы азамат болып өсті» дейді ұлағатты ұстаз.

Аядтың айтуынша, өзге дін өкілдеріне түсіністік танытпау, өшпенділік сезімі – күтпеген кекшілдікті тудырады. «Біз ешқашан жауласқан жоқ едік, бір-бірімізге өш болмадық. Мұсылман, христиан деп бөлмедік. Біз барлығымыз біргеміз, айырмамыз жоқ» дейді ол.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: