Британ мешіттері жүрек ауруларымен күреседі

Британ мешіттері жүрек ауруларымен күреседі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Британ ислам медицина ассоциациясы бағдарламасы аясында Ұлыбритания мешіттері мыңдаған адамға есік ашты.

Британ жүрек қоры мен Ұлыбритания мұсылман кеңесі осымен үшінші жыл қатарынан 35 мешітте арнайы шара өткізіп, жүздеген мұсылмандарды ерікті медициналық қызметке баулиды. Онда ерікті-дәрігерлерге жүрек аурулары орын алған кезде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек беру, жүрек талмасы реанимациясы білімін оқыту бойынша дәрістер өткізеді.

«Бұл – ерекше бастама. Осы арқылы мешіттер мен ислам орталықтары тек қана құлшылық орындап қоймай, сырқатты адамдарға дер кезінде көмек көрсетуге мүмкіндік береді» дейді Ұлыбритания мұсылман кеңесінің бас хатшысы Харун Хан.

Сарапшылардың мәліметінше, жыл сайын Тұманды Альбионда 23 мың ауруханадан тыс жүрек тоқтауы жағдайы орын алады, ал орташа есеппен онан әрі өмір сүру мүмкіндігі 8 пайыз шамасында.

Ал Британ ислам медицина ассоциациясының аталмыш жобасы іске асырылғаннан кейін жүрек талмасынан ары қарай өмір сүру мүмкіндігі 25 пайызға дейін көтерілуі мүмкін. 

ummet.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: