Клинтон: мұсылмандар – америка қоғамының бөлшегі

Клинтон: мұсылмандар – америка қоғамының бөлшегі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Вашингтонның Сент-Луис университетінде АҚШ президенттігіне үміткер кандидаттар Хиллари Клинтон мен Дональд Трамптың кезекті дебаты өтті. Кездесу барысында екі саясаткер ислам діні және мұсылмандар тақырыбына да тоқталды.

Дональд Трамп өз ойында қалды. Елге босқындардың кіруіне тыйым салу керектігін айтып, олардың арасында радикалды көзқарастағы адамдар болуы мүмкін дегенді алға тартты.

Хиллари Клинтон өз сөзінде мұсылмандарды америка қоғамның бөлінбес бөлшегі деп атап өтті. Ал босқындарды қабылдау – Сириядағы азаматтық соғыстың созылуына байланысты гуманитарлық міндет саналады.

CNN телеарнасы жүргізген сауалнамаға сүйенсек, саясаткерлер арасында өткен екінші дебат нәтижесінде көрермендердің 57%-ы Х.Клинтонға, 34% респондент Трампқа дауыс берген. Сонымен қатар, телекөрермендер сауалнамасы да Клинтонның деңгейін өсіріп тастады.

ummet.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: