Германия президенті исламофобия үшін мұсылмандардан кешірім сұрады

Германия президенті исламофобия үшін мұсылмандардан кешірім сұрады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Неміс Президенті Йоахим  Гаук әлемдегі және Германиядағы исламофобия үшін мұсылмандардан кешірім сұрады. Ол Дрезден қаласындағы мешітте өзіне қонаққа шақырған түрік имамымен кездесуде осылай деді.

Қыркүйек айында мұсылмандардың құлшылық үйі лаңкестік шабуылдың объектісі болғанын еске саламыз. Президент Гаукудің және Германия канцлері Ангела Меркельдің қабылдауына имам Хамза Тұран мен оның отбасы қонаққа шақыртылған еді.

Кейінірек, журналистермен әңгімелесу барысында, бас діни қызметкер неміс президенті діни ғимараттың осындай шабуылға тап болғаны үшін кешірім сұрағанын атап өтті.

Дрезден қаласындағы теракт мешіт маңында орын алғанын еске саламыз. Мешіт кіреберсінде қолдан бомба жарылған. Осы сәтте имам және оның отбасы ғимаратта болған.

hibatulla.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: