Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі құрылды.

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі құрылды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Елімізде Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі құрылды. Ведомства басшылығына Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев тағайындалды. Бұл жайында Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Н. Ермекбаев Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметінен босатылсын» делінген Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 13 қыркүйектегі № 332 жарлығында. 

Жарлықтың толық мәтінін назарларыңызға ұсынамыз:

«Қазақстан Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және оның тиімділігін арттыру мақсатында қаулы етемін:

1. Қазақстанның Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, оған:

Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігінен – діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл, діни сенім бостандығына азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекет пен азаматтық сектордың өзара іс-қимылы салаларындағы;

Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінен – жастар саясаты саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, құрылсын.

2. Қазақстанның үкіметі:

1) Қазақстанның президенті әкімшілігімен келісу бойынша қайта ұйымдастырылатын және құрылған мемлекеттік органдардың штат санын қайта бөлуді;

2) осы жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

3. «Қазақстан үкіметінің құрылымы туралы» Қазақстан президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 жарлығына мынадай толықтыру енгізілсін:

1-тармақта:

«Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі;» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Қазақстанның Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі;».

4. Осы жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан президентінің әкімшілігіне жүктелсін.

5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі".

Жарлық 2016 жылдың 13 қыркүйегінде жария етілді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: