Зерттеу: мұсылман халқы батыс дәстүрлеріне түсіністік танытады

Зерттеу: мұсылман халқы батыс дәстүрлеріне түсіністік танытады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Көптеген мұсылман елдерінің тұрғындары батыс дәстүріне сыйластықпен, түсіністікпен қарайды. Белгілі Pew Research Center орталығы жүргізген әлеуметтік сауалнама осындай нәтиже көрсетіп отыр, деп хабарлайды The Independent басылымы.

Мәселен, Түркия мен Тунис елдері тұрғындарының жартысынан көбі батыс халқының киім кию үлгілеріне айып тақпайды. Сауд Арабиясы (47%) мен Ливанда (49%) бұл пікірді ұстанушылар қатары да аз емес.

Иракта бұл мәселеде жағдай керісінше. Мәселен, еркін киім кию турасында халықтың 27%, Пәкістанда – 22%, ал Египетте –14%-ы ғана оң пікір білдірген.

Еске сала кетейік, өз елдеріне ғана тән киім үлгілері Сауд Арабиясы, БАӘ және Ирак секілді мемлекеттерде қалыптасқан. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: