Құрбан айт қарсаңында жаңа мешіт ашылады

Құрбан айт қарсаңында жаңа мешіт ашылады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Қостанай қаласында Құрбан айттың алғашқы күні жаңа мешіттің ашылу салтанаты өтеді. Салтанатты шараға облыс және қала басшылығы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдері қатысады, деп хабарлайды Қостанай қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мешіттің ашылуы 12 қыркүйек күні таңғы сағат 7:30-да өткізіледі. Осыдан соң айт намазы оқылады.

Еске салсақ, 2010 жылы «Наурыз» шағын ауданында көпшілік қауымның өтінішімен жаңа мешіт құрылысы басталған. Құрылыс ел азаматтарының ортақ қаражаты мен кәсіпкерлердің демеуімен жүргізілді. Сыйымдылығы 3 мың адамға арналған мешіттің ішкі және сыртқы жобасы келушілерге қолайлы етіп әзірленген.

Мешіт маңынан автокөлік тұрағы қарастырылған. 3 кіру-шығу жолы, алаң және жаяу жүргінші жолдары да бар. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: