Католик мектебінің мұғалімі оқушыларға Құран оқытып келген

Католик мектебінің мұғалімі оқушыларға Құран оқытып келген

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Австралияда «балаларымызға Құран оқытты» деп шағым түсірген ата-аналардың дау-дамайынан кейін католик мектебінің тарих пен географиядан сабақ беретін мұғалімінің үстінен тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Джесс Питтард есімді аталған пәндерден дәріс оқитын мұғалімнің оқушыларға 7-10 минут бойы қасиетті Құран аяттарын оқып келгені белгілі болды.

Ата-аналар мұғалімді католик мектебінде «жат» дінді насихаттады деп айыптап отыр. Ал аталмыш білім ордасының басшылығы мұның тек тәжірибе екендігін және оны алдағы уақытта қайталамайтындарын айтып, ата-аналарды әзер сабасына түсіндірді. Бұл жайында "Лайф" ақпарат көзі «Daily Mail» басылымына сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: