Бір күнәнің қақпасын ашсаң... (ВИДЕО)

Бір күнәнің қақпасын ашсаң... (ВИДЕО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алланың мейірімі шексіз және жасалған күнә үшін тәубе етушінің тәубесін қабыл етеді. Алла адамды күнә істемейтіндей етіп жаратпады, яғни күнә істемейтін періште секілді емеспіз. Адамның нәпсісі бар, күнә істеуге жақын тұрады және жасап та қояды. Ардақты Пайғамбарымыз ﴾с.а.у.﴿ бір хадисінде: «Адам баласының бәрі қателік жасайды, бірақ солардың ішінде ең жақсылары қателігі үшін Алладан кешірім сұрап, тәубе еткендері», - деген.

Дініміз зинақорлық індеттің алдын алу үшін мұсылман баласына үйленуді бұйырады. Яғни ақ некемен отбасын құруға әмір етеді. Адал жолмен отбасы құрып, перзент сүйіп, шаңырақ көтеру арқылы мұсылман адам ар-намысын сақтай алады. Әрине жасы келген азамат әлеуметтік жағдайға байланысты уақтысында отбасы құра алмаса, арын таза ұстап жүруі тиіс. Сол секілді күнәға ұрынбауы үшін ораза ұстап, нәпсісін тежеп жүруі бұйырылған. 

hibatulla.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: