Ата-әжелерді қадірлейікші... (ВИДЕО)

Ата-әжелерді қадірлейікші... (ВИДЕО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазіргі күні қоғам өзгерді ме, адам өзгерді ме, әйтеуір қарияларға деген көзқарас та бүгінде өзгеше. «Қарты бардың қазынасы бар» деген киелі сөз де қазіргі күні мәнін жойып алған сияқты. Бүгінгі жастар қариялардың ақыл-кеңестеріне құлақ түрмек түгілі, өздерінің күн көрісін күйттеп кетті. Көпшілігі қара басының қамын ойлап, табыс тауып, ел қатарлы өмір сүру үшін қаланы жағалап кеткелі қашан. Ауылда қалған ата-аналары амалы жоқ, қиналса да балаларының артынан келуге мәжбүр болып жатқанын осы қоғамнан көптеп кездестіруге болады. 


«Жұмақтың кілті – Ананың табанының астында» демей ме? Ата-ананың қадіріне жете алмаған адам, Алланы да сүйе алмайды деп ойлаймын. «Әке-шешең жынды болса, байлап бақ!» деген аталы сөздің де астарында қаншама сыр жатыр. Өмір кезек. Кейін кәрілік бізге де жетер. Сонда балаларымыздың бізге дұрыс қарағанын қалайтынымыз хақ. Ол әрбір пенденің арманы шығар. Сондықтан да Ата – Анаға Құдайдан кейінгі Тәңір деп қараған абзал, ағайын...

hibatulla.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: