Халықаралық Құран сайысы Мәскеуде өтпек

Халықаралық Құран сайысы Мәскеуде өтпек

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мәскеудің Crocus city hall концерт залында 25 қыркүйекте халықаралық Құран оқу конкурсы өтеді.

Биылғы жарыста әлемнің 40-тан аса елінен Құранды үздік оқушылар он жетінші рет бас қосады. Сынға қатысушылар Тилауат (Құранды көркем, дұрыс оқу) номинациясы бойынша жарысқа түседі.

Айта кетер жайт, аталмыш сайысқа Меккеден арнайы әл-Харам мешітінің имамы қонаққа шақырылып отыр. Шараның құрметті қонақтарына фойеде арнайы бағдарлама ұйымдастырылып, Шығыс базары көрмесі көрсетіледі, сондай-ақ ислам өнері бойынша шеберлік сабақтары да өтеді.

Сонымен қатар, конкурсқа билет алған адамдардың лотереяға қатысып, Ұмра қажылығына жолдама ұтып алу мүмкіндігі бар. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: