Әл-азһар университеті шариғатты оқытады. (ФОТО)

Әл-азһар университеті шариғатты оқытады. (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әл-Азhар университеті (Египет) — Каирдегі мешіт әрі мұсылман университеті.Мешітті Фатима әулеті заманының халифы Жауhар Ассықли әл-Муизз hиджраның 359 жылы (970 жылы) жумади айының 24-ші жұлдызында бастап, 361 жылы. (972 жылы) рамазан айының 7-ші жұлдызында бітірді. әл-Азhар атауы — “әл-Джәми әл-Азhар”, яғни күн сәулелі үлкен мешіт ұғымынан шыққан. Кейбір зерттеушілер мұны Фатиманың лақап аты —Зухрамен, зәhра — зәулім, іздиhар — орталық немесе азхар — нұрлы деген сөздермен байланыстырады. һиджраның 375 жылы мұнда медресе ұйымдастырылып, ол 11 ғасырда бүкіл мұсылман әлеміне мәшhүр университет тектес оқу орнына айналды.

әл-Азхар университетіне дүниенің төрт бұрышынан талапкерлер келіп Құранды, хадистерді, мұсылман құқығын және араб тілін оқып үйренді. Әл-Азхар университеті ғимаратындағы сәулетті екі мұнараның бірі Қайтпай сұлтан заманында, екіншісі Сұлтан Ғаура кезінде hиджраның915 жылы. (1510 жылы.) шамасында салынған. Әл-Азhар университеті ұлт-азаттық күресі жылдары батысшылдыққа, отаршылдыққа, “дінсіздікке” қарсы бағыт ұстанып (джихад, исламның таралуы мен салтанатқұруы жолында барлық күш-жігерін сарқа жұмсау, ғазауат (“қасиетті соғыс”) идеясын насихаттау, қорғау орталығы болды.

Қазір Әл-Азhар университетіде 9 факультет (теология немесе дін негіздері, шариғат, әдебиет, әкімшілік істері және сауда, политехника, ауыл шаруашылық медицина, педагогика, мұсылман қыздар факультеттері) бар. Университет жанында Ислам зерттеулері академиясы және басқа діни институттар мен оқу орындары жұмыс істейді.

Қазір Әл-Азhар университетіде 9 факультет (теология немесе дін негіздері, шариғат, әдебиет, әкімшілік істері және сауда, политехника, ауыл шаруашылық медицина, педагогика, мұсылман қыздар факультеттері) бар.Университет жанында Ислам зерттеулері академиясы және басқа діни институттар мен оқу орындары жұмыс істейді.

Каирдегі Әл-азһар саябағы

hibatulla.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: