Біз Құранды білеміз бе? (ВИДЕО)

Біз Құранды білеміз бе? (ВИДЕО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Барлық болмыс атаулы мен таңғажайып ғаламның жаратушысы Алла тағала Ислам діні арқылы дін-дерді толықтырып, кемеліне келтірді. Адамзаттың бақыты үшін Құран Кәрімді түсірді. Құран аса дана һәм шексіз рақым иесі Хақ тағала тарапы-нан түсірілген адамзатты шынайы бақытқа жетелейтін, қияметке дейін бірде-бір әрпі өзгермейтін мәңгілік мұғжиза. Құран – Жаратқанның тура жолы әрі хаққа бастар нұр. Ол – соңғы пайғамбарлықтың құжаты, ханиф (тура) діннің тілі әрі Ислам шариғатының Ата заңы.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Құран аяттарын неғұрлым көп жаттаған адамның жұмақта дәрежесінің соғұрлым жоғарылайтынын айтады. Абдулла ибн Амр ибн ал-Ас риуаят еткен хадисте айтылады: «Құран иесіне (Құран оқып жаттаған адам) былай делінеді: Оқы және жоғарыла (төрлет), оқы, дүниеде қалай оқыған болсаң дәл солай оқы, расында, сенің орның ең ақырғы оқылатын аятта» ( Тирмизи, Әбу Дәуіт және Ахмад). 

hibatulla.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: