Барыңа шүкір ет... (ВИДЕО)

Барыңа шүкір ет... (ВИДЕО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бір адамға Алла Тағаланың дүниені үйіп, төгіп беруі, Алла оны жақсы көреді, ол Алланың сүйікті құлы деген мағынаға келмейді. Ал біреуді кедей етіп жаратса, Алла ол құлын ұнатпайды, ол Алланың күнаһар құлы деген мағынаны да білдірмейді. Байлық та, кедейлік те Алланың сынағы. Қияметте дәулетті адамнан мал-мүлкін қай жаққа жұмсағанын сұраса, кедей адамнан барға қанағат қылып, сабыр етіп, етпегенін сұрайды.

Рас, кейде молшылық, дүниенің қызығына беріліп, күнәға кіріп, ахиретті ұмытуға да әкеп соғатыны жасырын емес. Сондықтан кейде жоқтықтың да пайдасы бар екенін еріксіз мойындаймыз. Өйткені сол арқылы біз өзіміздің бір құл екенімізді, жаратушы Жаббар иеміздің алдыңда дәрменсіз екенімізді, оған мұқтаж екенімізді еске алып отырамыз.

hibatulla.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: