Мұсылман деген ұғым ұлт деген ұғымнан жоғары (ФОТО)

Мұсылман деген ұғым ұлт деген ұғымнан жоғары (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Қай заманда болмасын, әрбір халықтың ұлттық құндылықтары оның ұстанған діни сенім-нанымдарын негізге алады. Мәселен, көрші орыс елін алып қарайық. Олардың мықты жазушыларына назар салайық.

Әрине, бәрінің діттеген мүддесі – өз діндерін жеткізу. Сол себепті де, олардың мәдениеті мен салтын зерделер болсаңыз христиан дініне негізделгеніне көз жеткізесіз. Керек десеңіз, Кеңес үкіметін құрғанда да, сол христиан дінінен асып кете алмады. Иконның орнына Ленин мен Сталиннің бейнесін қойып, сол суреттерге айырықша ықыласпен, өзгеше түсінікпен қарады. Христианның арақ-шарап пен доңыз етін жеуі де оларға салттық түсінік ретінде бекіді. Тек орыс халқына ғана емес (жапон мен қытай халықтарына), кез келген өзге де ұлтқа қарасаңыз, осындай құбылыстарға куә боласыз.

Түркі халқы қазақ, өзбек, әзірбайжан, қырғыз, тәжік тағысын тағы Кеңестік заман алқымнан алса да Ислам дінін ешнәрсеге айырбастамаған.

Құрбан айтта атам қазақ Ұлы Жаратушы үшін мал сойып, құрбан шалған. Бұл айт – үш күнге созылатын діни мереке. Шамасы, қазақта «үш тоғыз», «үш күндік пәни ғұмыр» деген үштік ұғымдар осыдан қалса керек. Айт сөзі де «мейрам» деген мағынаны білдіретін араб тілінен енген сөз. Сондықтан, осы үш күнде бір-бірлеріңе айттап барып «айттарыңыз құтты болсын» десе, үй иесі де «айтсын, бірге болсын» деп игі тілекпен жауап қайырып, қарсы алған. Бұл үш күн ішінде қазақтың дастарханы жиылмайтын болған. Бауырсақ, шелпек пісіріліп, қымыз-қымырандар молынан сапырылған. Бір-бірінің үйі мен көрші ауылдарға айттап бару арқылы ағайын арасындағы кикілжің мен араздықтардан айығып отырған. Ауқатты қазақ қошқар, атан сойып, етіне кедей-кепшік қарық болса, ет пен қымызға тойған балалар қарнын сүтке тойған қозыдай бүлкілдетіп, бір шетте сойылған қой мен қошқардың асығын иіріп мәз-мейрам болысқан.

hibatulla.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: