#Меркі ауданы: РАНТ мүшесі ұстаз Нұралы Бақытұлы Меркі жерінде

#Меркі ауданы: РАНТ мүшесі ұстаз Нұралы Бақытұлы Меркі жерінде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы “Жақсымбет ата” мешітіне ҚМДБ - ға қарасты РАНТ мүшесі, Мысыр еліндегі “Әл-Азһар” университетінің түлегі,  ұстаз Нұралы Бақытұлы келіп, жиналған жамағатқа уағыз-насихат айтты.

Нұралы ұстаз: “ Иман деген ол Алланың берген нығметі. Иманды Алла Тағала тек өзі қалаған пендесіне ғана нәсіп етеді. Мына өмірде үш адамды бақытсыздық айналып өтіп кетеді. Біріншісі - әрқашан Құран оқып, оқығанына амал жасаған адам. Екіншісі - әркез қандай жағдай болсада, дұға жасаушы адам. Үшіншісі - ата-анасына жақсылық жасаған адам” - деп мешітке жиналған жамағатты имандылыққа, тақуалыққа, жамағат намазынан қалмауға шақырды. Айтылған насихатты тыңдап, рухани азық алған жамағат ұстазға алғыстарын білдіріп, рақметтерін айтты.

Жиын соңыңда Нұралы ұстаз жамағатпен бірге құптан намазын оқып, намаздан соң Құран оқылып, елімізге, жерімізге дұға жасалды. Дін қызметінде жүрген барша ұстаздарға Алла Тағала разы болсын! 

Меркі аудандық “Меркі ата” мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: