#Т.РЫСҚҰЛОВ: ҰЛТТЫҚ СПОРТТАН ЖАРЫС ӨТТІ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: ҰЛТТЫҚ СПОРТТАН ЖАРЫС ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы «Сұлтан» орталық мешітінің наиб имамы Сұлтаншәріп Жәнібекұлы ұлттық спорт көкпардан өткен жарысқа барып қатысты. Жарыс алдында бата беріп, құран аяттарын тіләуәт етіп, дұға жасады. Тұрар Рысқұлов ауданы бойынша ауылдардың шабандоздары қатысып, өзара аудандағы мықты командаларды сарапқа салды.

Нәтижесінде 1 ші орынды Бірлес командасы, 2 ші орынды Жаңатұрмыс ауылының командасы, 3 ші орынды Ақыртөбе ауылының командалары иеленді. Жеңімпааздарға алғыс хатпен бірге кубок және ақшалай сый-сыяпаттар табыс етілді.

Қуаныш Түзелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: