#Жуалы: Ауылдық мешіттерде айт намазы оқылды

#Жуалы: Ауылдық мешіттерде айт намазы оқылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әлем мұсылмандары бүгін Ораза айт мейрамының алғашқы күнін тойлап жатыр. Еліміздің түкпір-түкпірінде бүгін айт намазы оқылып, исі мұсылман қауымы ұлық мерекені бастап та кетті. Жуалы ауданы бойынша имамдар өздеріне қарасты мешіттерінде жамағаттармен айттың алғашқы күні айт намаздарын оқыды.

Таң намазынан айт намазына дейін мешіттерде Құран оқылып, Ораза айт мейрамы жайында уағыз айтып, барша жамағатты қасиетті мерекесімен құттықтады.

Таңғы сағат 6:40-та жамағаттар имамдарға ұйып, айт намазын жамағатпен бірге су тасқынына тап болған облыстар үшін дұға, еліміздің тыныштығы мен берекесін тіледі. "Билікөл" мешітінде жастардың ұйымдастыруымен айттық дастархан жайды.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: