#Жуалы: Аудандық мешітте айт намазы оқылды

#Жуалы: Аудандық мешітте айт намазы оқылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Еліміздің барлық мешіттерінде таңертең айт намазы оқылды. Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылдық орталық "Толымбай тегі Зиябек" мешітіне құлшылық жасауға келушілерге лық толды. Жамағаттың көптігі соншалық біразы сыртта тұрып, ғибадат жасады. Аудан бас имамы Қабылбекұлы Ғалымжан "Ораза айт- ұлық мереке" тақырыбында уағыз насихатын жасады. Аудан имамы айт намазын көпшілік жамағаттармен оқып, құтпа оқыды. Құран оқып соңынан барша келген жамағатпен елдегі орын алып отырған су тасқынынан зардап шеккен жандарға дұға жасады.

Бұл күні амандық сұрасып, бір-біріне көтеріңді көңіл күй мен қуаныш сыйлау, сыйлық жасауға асығу қажет екенін айтып өтті. Айт мейрамында ағайын-туыстың амандығын біліп, жақыныңды қуантуға асыққан абзал.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: