#Меркі ауданы: Мешітке қарайласу сауапты іс

#Меркі ауданы: Мешітке қарайласу сауапты іс

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы, Кеңес ауылы "Ар-Разақ" мешітінің имамы Молдашев Нұрболдың ұйытқы болуымен және ауыл жамағатының бірлесуімен  мешіт  асханасына  табиғи газ  кіргізілді және жаздық-қыстық екі жүйеде жұмыс жасайтын кондиционер іске қосылды.

Сонымен қатар, Алла разылығы үшін деп, Кеңес ауылының 1976 жылғы  азаматтары мешіт асханасына  екі қолжуғыш және бір киім ілгіш сыйға тартты. 

Жомарт жандарға ауыл мешітінің  имамы өз алғысын білдіріп, мешіт жамағаттары атынан ризашылықтарын білдірді. Алла Тағала барлық мешітке қарайласып жүрген бауырларымыздың ниеттерін қабыл етіп, отбастарына амандық, кәсіптеріне береке берсін!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: