#Меркі ауданы: Рамазан - сауап айы

#Меркі ауданы: Рамазан - сауап айы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы, Қызылқыстақ ауылы "Әл-Кәрим" мештінде қасиетті Рамазан айында ауызашар берілді.

Рамазан айы - береке айы. Әрбір жасалған жақсылықтың сауабы 10-нан 700 есеге дейін еселенетін ай.Осы орайда, ауылымызға мешіт салып берген кәсіпкер ағаларымыз қасиетті айда ауыл тұрғындарына ақ дастархан жайып, ауызашар берді.Ауызашар дастарханы қазақтың төл мейрамы Наурыз мерекесіне тура келіп, ораза ұстаған жандарға наурыз көже берілді.Ауыл ақсақалдары мен ақжаулықты аналарымыз ауызашар берген ағаларымызға алғыстарын айтып, ыстық лебіздерін білдірді.

Алла Тағала қасиетті Рамазан айында ауызашар берген ағаларымыздың ниеттерін қабыл етіп, отбасыларына амандық, ризық-несібеліріне береке берсін!

Меркі аудандық "Меркі ата" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: