#Тараз: 2 отбасыға азық-түлік жеткізілді

#Тараз: 2 отбасыға азық-түлік жеткізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласының «Ар Рахман Ар Рахим» мешітінде 50 000 теңге көлемінде 2 отбасыға азық-түлік таратылды. Мешіт имамы Амангелді  Ембергенов іс-шараны қолға алып, мұқтаж жандарға насихатын айтты.

Өмірде қандай да бір игілікті, қайырымды істеріміздің сыйы Алла тағаланың жәннаты екенін жадымыздан шығармай, соған амал етуіміз қажет.

Алла Тағала қасиетті Құранның Сәбә сүресінде: «Алланың жолында не жұмсасаңдар да, Алла тағала міндетті түрде оның орнын толтырады.»- деп келтіреді. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с): «жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар!» – дегенін  ұмытпайық. Бес күндік пәни дүниеде қайырлы іс жасап, көп балалы отбасына, балалар үйіне, қарттар үйіне аса көңіл бөлейік.

 Тараз қалалық "Әулие ата" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: