#Тараз: Жамағат мешітке тазалық жұмыстарын жүргізді

#Тараз: Жамағат мешітке тазалық жұмыстарын жүргізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласы «Усманжон баба» мешітінде сенбілік өтті. Мешітке келуші әрбір жамағатты тазалық шарасына шақырып, мешіт имамы Ораз Баймаханов уағыз-насихатын айтып үндеу жасады.

Ұйымшыл жамағат бірден құп алып, қыс мезгілінен шашылып қалған қоқыс қалдықтары тазаланды. Дана халқымыз: «Таза табиғат – халық байлығы» демекші, табиғатта тірі организм. Сондай-ақ тазалық – иманның жартысы екенін ұмытпай, өлкеміздің тазалығы кім-кімді болмасын бей-жай қалдырмауы керек. 

Қасиетті Құран «Бақара» сүресінің 222-аятында: «Сөзсіз Алла тәубе еткендер мен тазалағандарды жақсы көреді», – деп, тазалықты мадақтайды.

 Тараз қалалық "Әулие ата" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: