#Меркі: Қабір тазалау жұмыстары жүргізілді

#Меркі: Қабір тазалау жұмыстары жүргізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ежелден келе жатқан дәстүрге сай үлкенді сыйлап, кішіге ізет, өткенге құрмет көрсетіп келген халықпыз.  Міне, осыған байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тапсырмасына сай, жыл сайынғы  үрдіс бойынша сәуір айының  ыңғайлы күндері пәни дүниеден бақи дүниеден өткен мұсылмандарды  еске  алып, мазараттарды тазалау күні екені бәрімізге мәлім.

Осыған орай, Меркі аудандық орталық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының ұйымдастыруымен, Меркі ауданының тұрғындары бір кісідей зират басын тазалап, ағаштар отырғызып, сенбілік өткізді. Бұған мешіт жамағаты, ауыл тұрғындары ақсақалдардан бастап, жасөспірімдерге дейін белсене атсалысты. Тазалыққа кіріспес бұрын ауыл имамдары халыққа қабір айналасын тазалауға, түзетуге рұқсат екенін, ал оны жаңалауға, бояуға немесе өзгертіп жаңасын қоюға тыйым салынғандығын  айтып, мұсылман қабірінің тәртібімен таныстырды.

Қабір басын тазалаған соң ауыл имамдары зират басында жатқан марқұмдарға Құран оқып, дұға жасады.

Осы игі іске атсалысқан барша тұрғындарға ақ дастархан жайылып, ас берілді.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: