#Меркі: Мешіт мұнарасына зиярат

#Меркі: Мешіт мұнарасына зиярат

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам дінінде мұнарадан азаншылар күн сайын бес уақыт намазға азан шақырып, намаз уақытының кіргендігін хабарлап отырған.

Осы орайда, Меркі ауданы бас имамы Азамат Берікұлы ауданға қарасты «Жүніс молда» мешітінің жанынан көтеріліп жатқан 17 метрлік мұнараның құрылыс жұмыстарымен танысып қайтты.

«Жүніс молда» мешітінің имамы Дастан Қасымалиев бас имамды күтіп алып, құрылыс жұмыстарының орта шегіне жетіп, алдағы аптаның ішінде тәмамдау көзделгенін жеткізді.

Азамат Берікұлы мешіт имамына бір қатар тапсырмалар беріп, Алланың үйі болған мешіт үшін істеп жатқан еңбегінің жемісін екі дүниеде де көруін тілеп, дұға жасады.

 Алла Тағала мешітті көркейту үшін барын салып жатқан мешіт имамы мен құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан бауырларымызға разы болып, істеп жатқан амалдарын қабыл еткей!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: