#Талас: Айт мерекесінде спорттық ойындар додасы жасалды

#Талас: Айт мерекесінде спорттық ойындар додасы жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Талас ауданы, Тамды ауылы, "Тәңкібай ата" мешітінің имамы Нурбол Мырзаханұлының ұйымдастыруымен Тамды ауылында айт мерекесінің қарсаңында кіші футболдан және қол күресінен жарыс өтті.

Шараның мақсаты, айт мейрамын шат көңілмен тойлап жатқан ағайынның дархан көңілін сергіте түсу, жақсылармен бас қосып, жастарды еңбекке, спортқа баулу. Осыған орай, аталмыш шарада тас-түйін ауыл жастарының дені қатысып, ынтымақтық көрсетті. Жеңімпаздар мақтау қағаздарыман және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Мұндай мерекелік жиын Қызыләуіт ауылы, "Жаңабай сопы" мешітінің имамы Әбдіқали Төсбаевтің ұйымдастыруымен өтті. Айт мерекесінің құрметіне мешіт дәмханасында мерекелік дастарқан жайылып, қариялар батасын берді.

Сонымен қатар, спорттық іс-шара өткізіп, жеңімпаздарға жүлделі сыйлықтар таратылды. Алла қаласа келесі Рамазан айына аман-есен жетуді нәсіп етсін, ниеттеріңіз қабыл болсын! Айттық дастарқанға 100 000 теңгеден аса қаражат жұмсалды.

Талас аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: