#Меркі ауданы: «Рамазан қоржыны» өз жалғасын табуда

#Меркі ауданы: «Рамазан қоржыны» өз жалғасын табуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Рамазан – жақсылықтың сауабы еселеніп жазылатын ай. Оразада әрбір игі амалдың сауабы еселеніп жазылады. Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің хадис-шарифінде: «Адам баласының барлық игі істерінің сауабы артады. Әрбір жақсылыққа он еседен жеті жүз есеге дейін сауап жазылады», – деп үмбетіне сүйінші хабар жеткізген болатын.

Осы мақсатта, Меркі ауданына қарасты барлық мешіт қызметкерлері қолдарынан келгенше, осы Рамазан айын тиімді пайдаланып, қайырымдылық жасауда жарысуда.

Аудан мешіттерінің ұйымдастыруымен өткен іс-шараға жалпы саны 71 адам қамтылып, күнделікті тұрмысқа қажетті ұн, сұйық май, күріш, қой еті және шекер таратылды.

Бұл игі іс-шара Рамазан айының басталуымен өз жалғасын тауып келеді. Айта кетейік, осыған дейін Меркі ауданы бойынша 280 отбасыға «Рамазан қоржыны» таратылған болатын.

Көмек алған отбасылар, осы іс-шараны ұйымдастырып жатқан имамдарға, кәсіпкер азаматтарымызға өз алғыстарын білдірді.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: