#Шу: 40 отбасыға айттық таратылды

#Шу: 40 отбасыға айттық таратылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін  Ораза айт мерекесінің құрметіне Шу аудандық «Жәми» мешіті рамазанда мешітке түскен пітір садақасынан мұқтаждарға жәрдем беру мақсатында қайырымдылық науқанын өткізді. Қашанда қайырымдылық шараларын көптеп ұйымдастырып, тұрмысы төмен отбасыларға қарайласып тұратын мешіттің бұл жолғы іс-шарасы 40 отбасыны қамтыды.

Ораза айтқа арналған айттық Рамазан айында мешітке көмек сұрап келген көп балалы отбасыларға, әлеуметтік аз қамтылған жанұяларға, мүгедек жандар мен асыраушысынан айырылғандарға таратылды.

Ауданның бас имамы Бахтияр Амиреев көпшілік алдына шығып, Айт мерекесімен құттықтап, мұсылмандық мейрам жайлы насихат айтты. Көпшілік мешіт қызметкерлеріне алғысын айтып, үлкендер батасын берді. 

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: