#Тараз: 500 мұқтаж адамға зекет таратылды

#Тараз: 500 мұқтаж адамға зекет таратылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешітінде 500 мұқтаж адамға зекет таратылды. Бас имам Ержан Аманбаев кәсіпкерлермен келіссөз жүргізу арқылы қасиетті қадір түні алдында қомақты көлемде зекет таратқан болатын.

Алушы мұқтаж жандарға уағыз-насихатын айтып, зекет берген кісілерге дұға жасап, алғысын білдірді. қасиетті Құранның «Бақара» сүресі, 43-ші аятында: «Намазды толық орындаңдар және зекетті беріңдер», –деп айтылған.

Сол себепті де мұсылман адамның мал-дүниесі нисап мөлшеріне жеткен болса оның белгілі бір бөлігі мұқтаждардың ақысы болып есептелінеді. Зекет парыз амал болғандықтан ондай адамдардың зекетті бермей қоюына болмайды.

"Әулие ата" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: