#Тараз: Түзету мекемесінде 400 адамға ауызашар берілді

#Тараз: Түзету мекемесінде 400 адамға ауызашар берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласы 59/7 түзету мекемесіне қалалық орталық «Әулие ата» мешітінің бас имамы Ержан Аманбаев 400 адамға ауызашар берді. Түзету мекемесінде отырған адамдарға дастархан жайып, уағыз-насихат айтылды.

Бір дана құрмамен ауызашар бергенге де, тек сумен ғана оразасын аштырғанға да, кішкене сүт бергенге де осы сауап жазылады дегендей ауызы берік адамға ас беру – үлкен сауап болады. Ораза тұтқан адамның сауабындай сауапқа қауышады, ораза тұтқан адамның сауабы кемімейді. Хадис шәрифте былай делінген: «Амалдардың ең құндысы – бір мұсылманның айыбын жабу, қарнын тойдыру және мұқтаждығын беру арқылы оны қуанту.»(Исфахани)

 "Әулие ата" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: