#Тараз мешіттері Қадір түнінде 5000 адамға сәресін таратты

#Тараз мешіттері Қадір түнінде 5000 адамға сәресін таратты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласының мешіттерінде қасиетті Рамазан айының мың айданда қайырлы қадір түнінде 5000 адамға сәресі таратылды. Соның ішінде қалалық «Әулие ата» мешіті 1000 адамға сәресін таратып, уағыз-насихаттар жүргізілді.

Хатым дұғасынан кейін қариларымызға құрмет көрсетіліп, жамағатқа арнайы сұрақ-жауап айдары ұйымдастырылды. Мешітімізде жамағат қадір түнін барынша құлшылықпен өткізуге мән берді. Сүйікті Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм): «Алла Қадір түнін үмбетіме сый ретінде тарту етті, бұл бұрынғы үмбеттерге берілмеген» деп, бұл сыйдың қадірін білуге шақырады.

Тағы бір хадисінде: «Кімде-кім сауабын тек қана Алладан күтіп, ықыласпен сол түнді ғибадат жасаумен өткізсе, күнәлары кешіріледі», - дейді. Сондықтан мүмкіндігінше, әрбір пенде Қадір түнінде берілетін сыйдан мақұрым қалмауға тырысуы керек. Ол түнді бос өткізбей, дәрет алып, екі бас болса да намаз оқып, Алла Тағаланың шексіз мейірімінен шын жүректен сұрап, дұға еткен жөн.

"Әулие ата" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: