Қадір түні Құран хатымының дұғасы жасалды

Қадір түні Құран хатымының дұғасы жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазан айының құрметіне облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде тарауық намазында Құран хатымы оқылған болатын. 

Мың айдан қайырлы Қадір түні Құран толық оқылып аяқталып, дұғасы жасалды. Рамазан бойы тарауық намазында хатымды Әлімұхаммед Егізбаев пен Бірлік Амангелді оқыды.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы хатым дұғасын жасап, ел амандығы үшін дұға етті. Сонымен қатар қариларға ерекше алғысын білдіріп, көпшілік құрмет көрсетті. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: