#Тараз: Зекет бөлімі көпбалалы анаға баспана кілтін табыстады

#Тараз: Зекет бөлімі көпбалалы анаға баспана кілтін табыстады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Ержан Аманбаев кәсіпкерлермен келіссөз жүргізіп, алтын алқа иесі, көпбалалы ана Элмира Кемелова әпкемізге екі бөлмелі үй табыстады.

Жанашыр бауырларымыздың және халықтың атсалысуымен қомақты қаражат жиналған болатын. Өмір бойы үйсіз келе жатқан осы отбасы ағаларымызға алғысын білдіріп, көз жасына ерік берді. Облыстың зекет бойынша жауапты өкілі Ержан Аманбаев үйдің кілтін табыстап, сөз сөйлеп, алғысын білдірді.

Баспана қасиетті Рамазан айының ішіндегі мың айданда қайырлы қадір түнінің алдында табысталды. Рамазан айы өзге айларға қарағанда – сауаптар еселеніп жазылатын игілікке толы ай. Осы айда жасалған игі амалдарымызды Алла қабыл етіп, мол сауаптан жазсын.

"Әулие ата" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: