#Жамбыл ауданының мешіттерінде Қадір түнін қадыр тұтылды

#Жамбыл ауданының мешіттерінде Қадір түнін қадыр тұтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Бесағаш ауылы «Бесағаш» мешітінде қасиетті Қадір түніне орай «Қадір түні – тағдыр түні» атты рухани кеш өтті.

Аталған кеште ауыл имамы Керимов Айтжан Қадір түні турасында кеңінен уағыз айтып, жамағаттың сұрақтарына жауап берді.

Ал мұндай рухани кеш Түрксіб ауылы «Түрксіб» мешітінде қасиетті Қадір түніне орай өткізілді. Аталмыш кеште Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) салауаттар айтылып, зікірлер мен истиғфар айтылды. Сұрақ-жауап айдарын өткізіп, жауап берген жамағаттарға арнайы діни кітаптар табыс етті. Құран оқылып, уағыздар айтылды.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: