#Меркі ауданы: Ауыл мешітіндегі алғашқы Қадір түні

#Меркі ауданы: Ауыл мешітіндегі алғашқы Қадір түні

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Өткен жылдың 18-ші қарашасында Меркі ауданы, Қызылқыстақ ауылында «Әл-Кәрим» мешіті ашылған болатын. Бүгінде мешіт ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуде.

Қасиетті Рамазан айында тарауық намазы жамағатпен оқылып, қасиетті Қадір түнін жамағат мешітте құлшылықпен өткізді. Қасиетті түн қарсаңында 150 адамға ауыз ашар беріліп, ауыл ақсақалдары мен ақжаулықты аналарымызға мешіт атынан сыйлықтар табысталды. Және де, осы игі іс-шараның басында қызмет атқарып жүрген жеңгелерімізде сыйлықсыз қалмады.

Дастархан басында ақсақалдарымыз сөз сөйлеп, ауыл жастарының көрсеткен құрметіне, ұйымшылдығына разы болып, алғыстарын білдірді. Ауызашқан соң, жамағатпен тарауық намазы оқылып, артынша елімізге, жерімізге дұға жасалды.

Сәлден соң, мешітке келуші балалар арасында Құран жарысы ұйымдастырылып, оқ бойы озат шыққан және мешіттегі дәріске қатысып қасиетті Құранға түскен шәкірттерге арнайы сыйлықтар табысталды.

Артынша жамғат арасында сұрақ-жауап айдары ұйымдастырылып, дұрыс жауап берген жамағатқа сыйлықтар үлестірілді. Жамағат ауыл имамына, ауыл тұрғындарының атынан өз алғыстарын білдіріп, сыйлықтарын табыстады.

Қалған уақытты жамағат намаз оқып, Алланы зікір етіп, Алладан жарылқау тілеп, Алладан дұға жасап түнді құлшылықпен өткізді. Сәресі уақытында аранйы мешітте жайылған дастарханда ауыз бекітіп, таң намазын жамағатпен оқып, үй-үйге тарқасты.

Алла Тағала осынау қасиетті Қадір түнінде жасаған құлшылықтарымызды, дұға, тілек, ниеттерімізді қабыл етіп, еселеп сауаптардан жазғай!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: