#Меркі ауданы: Меркі – Тараз тегін таксиі ұйымдастырылды

#Меркі ауданы: Меркі – Тараз тегін таксиі ұйымдастырылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының ұйымдастыруымен «Меркі-Тараз» бағытында тегін такси іс-шарасы ұйымдастырылды.

Қасиетті Рамазан айының соңғы күндерінде «Меркі-Тараз» бағытында екі тарапқада тегін такси шарасы жасалып, 2 көлік 8 адамды Таразға тегін жеткізіп, 8 адамды Меркі өңіріне жеткізді.

Меркі мен Таразға жеткен жолаушылар іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, баталарын берді.

Айта кетейік, бұған дейін Меркі - Алматы бағыты бойынша екі тарапқа тегін такси шарасы ұйымдастырылған болатын.

Алла Тағала қасиетті айда жасап жатқан амалдарымызды қабыл еткей!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: