#Рысқұлов: Ұлттық ойындардан жарыс өтті

#Рысқұлов: Ұлттық ойындардан жарыс өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің алдында жамағат арасында ұлттық спорт түрлерінен жарыс өткізілді. Атап айтар болсақ, жарыс қол күрес, арқан тарту және гір көтеру спорт түрлерінен өтті.

Қол күреске жамағат арасынан 10 шақты жігіт қатысып, Пернебек Әли жеңіс тұғырына көтерілді. Арқан тартуға 5 адамнан құралған 4 команда қатысып, 89 жылғы жігіттер 1 орынға иеленді.

Гір көтеру спортынан Қабылбеков Бақытжан гір тасын 60 мәрте көтеріп, ешкіиге дес бермеді. Жеңімпаздарды ауданның бас имамы алғыс хатпен және медальдармен марапаттап, діни кітаптарды сыйға берді.

Қуаныш Тузелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: