#Байзақ: «ДЕСТРУКТИВТІК БАҒЫТ – ДІН ЕМЕС» СЕМИНАР-ТРЕНИНГІ ӨТТІ

#Байзақ: «ДЕСТРУКТИВТІК БАҒЫТ – ДІН ЕМЕС» СЕМИНАР-ТРЕНИНГІ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл ауылдық «Шолпан Дәуіт» мешітінде «Деструктивтік бағыт – дін емес» атты семинар-трениг өткізілді.

 Семинарға  аудан бас имамы Қанат Әділханұлы, «Хибатулла Тарази» медресе колледжінің ұстазы Зулпыкаров Нұрсұлтан, «Шолпан Дәуіт» мешітінің имамы Тілеуқулов Қанат және бес аймақтың жетекші имамдары мен екінші аймақ имам-молдалары қатысты.

«Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің ұстазы Нұрсұлтан  Зулпыкаров:  «Адамды жат ағымдардың жетегінде кетуден тосатын бірден-бір дүние – білім және оған амал ету. Әрі жат ағыммен күресудің жолы білікті ұстаздардың тәжірбиелерін қолдану. Мәселен, Ерсін Әміре ұстазды мысалға алсақ болады. Еліміздегі, алыс және жақын шетелдегі теріс бағытқа қарсы жұмыс жасап жүлген ғалым ұстаздардың тәжірибелерін қолдану керек», - деп бірқатар мысалдар беріп өтті.

Семинар соңында ауыл имам-молдалары өз ойларын ортаға салып ұсыныс пікірлерін айтты.

Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: