#Тараз: Кәсіпкерлер қайырымдылық үшін мешітке қаражат табыстады

#Тараз: Кәсіпкерлер қайырымдылық үшін мешітке қаражат табыстады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласы «Әл Фирдаус» мешіті 10 мұқтаж отбасыға азық-түлікпен жәрдем берді. Мешіт имамы Алмас  Кенжемолдаевтың ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айында қайырымдылық жасау мақсатымен кәсіпкерлер 50 000 теңге көлемінде қаражатпен демеушілік етті.

Алла Тағала қасиетті Құранның Сәбә сүресінде: «Алланың жолында не жұмсасаңдар да, Алла тағала міндетті түрде оның орнын толтырады» - деп келтіреді. Қасиетті Рамазан айында садақа беріп, қайырымдылық жасау ең сауапты да, қайырлы істердің бірі болып саналады, сол себіпті қасиетті айда жасаған қайырымдылық және ізгі амалдарымызды Алла Тағала қабыл етсін.

  «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: