#Талас: "Төртбай ата" мешітінің дәретханасы жөнделді

#Талас: "Төртбай ата" мешітінің дәретханасы жөнделді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Талас ауданы Бостандық ауылдық округі "Алғабас" орта мектебін 2003 жылы бітірген 1986 жылғы түлектер, мектеп бітіргендерінің 20 жыл болуына орай, ауылымыздың рухани орталығы болып табылатын "Төртбай ата" мешітінің дәретханасы мен әжетханасын толық күрделі жөндеуден өткізді. Тозығы жеткен барлық жабдықтарың жаңадан ауыстырып, халық игілігіне қасиетті  Рамазан айында мешітте ауызашар беріп, сол жерде табыс етті.

Өз кезегінде ауыл қариялары Тойшыманов Әділхан мен Керімбеков Серік жастарға алғыс айтып баталарын берді. Ауызашарға келген өзгеде ауыл тұрғындары атқарған игі істеріне рахметтерін айтып, түлектерге ырзалықтарын білдірді.

Талас ауданы баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: