#Қордай: Дұрыс тамақтанудың пайдасы насихатталды

#Қордай: Дұрыс тамақтанудың пайдасы насихатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Ас - адамның арқауы» дейді дана халқымыз. Шынында солай, бұған ешкімнің таласы жоқ. Өйткені, ол - тәннің азығы. Сол себепті күнделікті үш мезгіл тамақтануымызды бойға қуат сыйлайтын Алланың нығметі деп білуіміз керек. Соны түсіндіріп, насихатын жеткізу мақсатында Қордай аудандық мешітінде қыз-келіншектерге арналған семинар жасалды. 

"Дұрыс тамақтанудың пайдасы" тақырыбын өзіне арқау еткен шарада мешіт ұстазы Эльмира Аманқожақызы адал ас, тамақтану жайлы пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өсиеті, аят-хадистерден мысалдар келтіріп өтті.

Көпшілік өз сауалдарына тиісті жауаптарын алып тарқасты.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: