#Қордай: 1 000 000 теңгеге қайырымдылық ұйымдастырылды

#Қордай: 1 000 000 теңгеге қайырымдылық ұйымдастырылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа — жан риза» дегендей, кемтар, жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу - әрбір адамның азаматтық парызы.

Осындай игі істі Қордай өңірінің мешіттері ұйымдастырып, қайырымдылық науқанына 1 000 000 теңгеге жұмылдырды. Бір мешіт мал сойып, етін таратса, екіншісі, азық-түлік берді, кейбірі қаржылай көмек көрсетсе, енді бірі киім-кешек, дәрі-дәрмекен жәрдем қолын созды. 

Қасиетті рамазан айының құрметіне жасалған игі іс-шара тұрғындарды қуантты. Көмек алғандар алғыс жаудырып, үлкендері батасын берді. 

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: