#Талас: 15 отбасыға азық-түліктей көмек көрсетілді

#Талас: 15 отбасыға азық-түліктей көмек көрсетілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Талас ауданы, Қаратау қаласында аудандық "Қаратау Қажы би" мешітінің және де "Ризық-Мүбәрак" қорының ұйымдастыруымен жалпы сомасы 250 000 теңгені құрайтын, аз қамтылған 15 отбасын қамтыған қайырымдылық шарасы жасалды.

Осынау ізгіліктің мақсаты, мейірімділікпен жанашырлықтың, жомарттықпен тақуалықтың рәмізі болған қасиетті Рамазан айында төбесі қоңыр ағайынды бір қуантып қою болатын. Тиісінше көпбалалы аналар, жағдайы төмен отбасылар мәз-мейрам болып, мешіттердің қайырымдылықтың ордасы екеніне тағыда көздері жете түскендей болды. Осы орайда, сауаптар шуақ болып шашылатын шарапатты айда іс-шараға атсалысқан аудан халқына, мешіт қызметкерлеріне алғыс білдіреміз!

Талас аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: