#Шу: Тоғай ауылы наурыз тойын тойлады

#Шу: Тоғай ауылы наурыз тойын тойлады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақ халқы ерте заманнан бері Наурыз мерекесін ерекше сезіммен қарсы алған. Қыстан күйзеліп шыққан, аузы аққа тиген ел Құдайға шүкірлік айтып, мереке қылған. Ағаш отырғызу, ұлттық тағамдарды әзірлеу, түрлі спорт ойындарын өткізу арқылы халқымыз бұл күннің құрметіне бір-бірін құшағына алып, төс қағыстырып, қайта жарасып жатқан, адамдар бір-біріне деген ренішін ұмытып өзіне де, өзгеге де жақсылық тілеген.  

Шу қаласы "Тоғай" мешітінін имамы Жанат Сагитовтың ұйытқы болуымен мешіт жанында дастархан жайлып, ұлыстың ұлы мерекесі әз-Наурыз аталып өтілді.

Имам көпшіліктің келе жатқан Рамазан айымен құттықтап, рухани дайындық жайлы насихат айтты.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: