#Шу: Жасөспірімдер арасында спорттық дода өтті

#Шу: Жасөспірімдер арасында спорттық дода өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданы Шоқпар ауылы "Шоқпар" мешітінің молдасы Данияр Табаевтың ұйымдастыруымен мешіт алдында жасөспірім балаларға арналған спорттық ойындардан жарыс өтті.

Наурыз мерекесіне орай жасалған спорттық дода жүгіру, турникке тартылу, қол күрес сынды ойын түрлері бойынша жүргізілді.

Шараға "Төле би" мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлы қатысты. Жылған көпшілікке адамға берілетін нығмет турасында насихат айтып, Құран оқыды.

Жүзден жүйрек шыққан жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар тарту етілді. Шара соңында көпшілікке мешіт асханасында наурыз көже таратылды. Ауыл ақсақалдары баталарын беріп, ауыл тұрғындары мешіт ауласына 10 туя ағашын отырғызды. 

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: