#Қордай мешіттерінде қайырымдылық жасалды

#Қордай мешіттерінде қайырымдылық жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ата-бабамыз осындай қысқа жіп күрмеуге келмейтін қысылтаяң шақтарда ауызбіршілікті, адалдықты, ынтымақты ту етіп көтерген. Әсіресе, көптің мәселесін қара бастың қамынан жоғары қойған. «Бір үй аш болса, бір ауыл аш, бір ауыл аш болса, бүкіл ел аш» деген қағиданы берік ұстанып, адам тағдыры ұлыс тағдырымен тығыз байланысты екенін қапысыз таныған.

Бойға сіңген қасиетпен сүннет жолын ұстанып, Қордай ауданына қарасты мешіттер бірнеше қайырымдылық іс-шарасын өткізді. Атап айтсақ, аудандық "Қордай" мешіті №50 орта мектептің  аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларына жалпы 600 дәптер, қаламсап сынды оқу құралдарын табыс етті. Игілік үшін 70 000 теңге қаражат жұмылдырылды. 

Сонымен қатар "Қақпатас" ауылдық мешітінің имамының ұйымдастыруымен 7 отбасыға азық-түлік жеткізіліп, 80 000 теңге жұмсалды. 

Ал Қаракемер ауылдық "Қаракемер" мешітінде әлуметтік жағдайы төмен отбасыға 138 000 теңгеге мұздатқыш сатып алынды. Тұрмысқа қажеттіліктерді түгендеп, көмек қолын созған мешіттерге тұрындар алғыстарын жеткізді. 

Аудандық "Қордай" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: