#Талас: "Арақсыз ауыл" жобасы іске асуда

#Талас: "Арақсыз ауыл" жобасы іске асуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Талас ауданы "Байтоқты баба" мешітінің имамы Бағдаулет Ерханұлы Шакиров ауылында "Арақсыз ауыл" жобасын қолға алған болатын. Сол жоба аясында Шәкиров ауылында орналасқан екі бірдей дүкен иелері бұдан былай алкогольдік ішімдіктер саудасынан түбегейлі бас тартуға шешім қабылдады.

Шағын кәсіп иелері осындай қадам арқылы салауатты өмір салтын дәріптеуге үлес қоспақ. Жас ұрпақтың, қоғамның игілігі үшін оң шешім қабылдаған шағын кәсіп иелерін ауыл имамы Бағдаулет Ерханұлы құттықтап, алғыс хат пен діни кітаптар табыс етті. "Арақсыз ауыл" жобасын қолдаған дүкен игелері осылайша көпке үлгі болып отыр.

Талас ауданының "Қаратау Қажыби" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: