#Талас: 500 отбасыға қайырымдылық көрсетілді

#Талас: 500 отбасыға қайырымдылық көрсетілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Қайырымдылық туралы Алла Тағала Қасиетті Құранда: "... Қайыр-садақа ретінде не берсең де өздерің үшін (жақсы болады). Не берсеңдер де, тек Алланың разылығы үшін берулерің керек. Ізгілік жолда не жұмсасаңдар да, соның бәрі өздеріңе толық қайтарылады және сендер әділетсіздікке ұшырамайсыңдар (яғни сауаптарыңды толық аласыңдар),"-делінген («Бақара» сүресі 272-аят).

Қайырымдылықты қайырлы іске санаған аудандағы мешіт қызметкерлері қашаннан мұқтаж жандарға қолдағы көмегін аямай келеді. Осы жолы да «Қаратау Қажы би» аудандық мешіті және «RIZYQ Mubarak» (Ризық) қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен 10 миллион теңге көлемінде 500 отбасыға күнделікті қажет азық-түлік өнімдерін таратып, сауапты істің үлгісін көрсетті.

Атап айтсақ, аудандық «Қаратау Қажы би» мешіті 300 отбасыға, І.Жансүгіров көшесінде орналасқан «Әбдірашид ата» және Амангелді көшесіндегі мешіттің әрқайсысы 100 отбасына қайырымдылық көмегін танытып, азық-түлік өнімдерін үш мешітке қарасты ауылдық округтерге жіберді.

Мешіт қызметкерлері Алланың разылығы үшін жасалған ізгі ниеттен тұратын мұндай істер алдағы уақыттарда да жалғасады. "Қайырымдылық шарасының өтуіне қаржылай қолдау танытқан алматылық кәсіпкерлерге және шараның басы-қасында жүрген ерікті азматтарға және тілеулес жамағатқа шын ризашылығымды білдіремін. Алда айлардың сұлтан Рамазан келе жатыр. Ол уақыттарда да аз қамтылған отбасыларына қайырымдылық көмегін көрсететін боламыз," - дейді Талас ауданының бас имамы Жалғас Дүйсенбайұлы.

Талас  аудандық «Қаратау Қажы би» мешітінің баспасөз қыметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (2)

Оқи отырыңыз: